Ізтілеуов Сырым

Ізтілеуов Сырым Далбайұлы – 1958ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған. Қарқаралы зоотехникалық – малдәрігерлік техникумын бітірген (1984). Белгілі палуан, самбо күресінен КСРО спорт шебері. Самбодан Бүкілодақтық турнирдің қола жүлдегері (1978),  күміс жүлдегері (1979), қазақ күресінен Жазылбек Қуанышбаев атындағы республикалық турнирдің жеңімпазы (1979), Қырғызстан республикасы ашық біріншілігінің жеңімпазы (1980), қазақ күресінен Қазақстанның чемпионы (1985), қазақ күресі және самбодан Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. Жаңаарқа аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы (1979-81), Ынтымақ орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі (1994-2004) болып істеген. 2004 жылдан бері Жаңаарқа аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.