Қайрат Байбосынов

Қайрат Байбосынов

Қайрат Әукенұлы Байбосынов 1950-ші жылы 1 маусымда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Бала жастан күй өнері мен ән өнеріне сусындап, Тоқаның,Сүгірдің, Тәттімбеттің, Мұхамеджанның күйлерін тыңдап өскен. Қайраттың әкесі Әукен қобызда, домбырада жақсы ойнап, той-томалақтарда ән де салатын болған. Әкенің өнері бала Қайратқа әсер етті.

1967 жылы Алматы қаласындағы эстрада-цирк студиясына қабылданған. Өнердегі ұстазы атақты Жүсіпбек Елебеков. Ақанның, Біржанның, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса мен Естайдың әндері Қайраттың орындауында қайта түрленді.

Оқытушылық жолын 1985 жылы республикалық эстрадалық училищесінен бастады.1969-1988 жылдары – «Гүлдер» ансамблінің әншісі әрі Алматы эстрада-цирк студиясының оқытушысы. 1988-1999 жылдары Алматы консерваториясының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры болған. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясынан Астана қаласындағы Музыка Академиясына дәріс беруге ауысты.

Қайрат Байбосынов –әнші (баритон), профессор, 1990-шы жылы Қазақстанның халық артисі атанып, 2000 –шы жылдан бері Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жаңаарқа: Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-129 бет.

2. Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-359 бет.