Қапияшев Аманбай

Қапияшев Аманбай 1940 жылы Қарағанды облысы, Жанаарқа ауданы, Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшарда дүниеге келген.1958 жылы орта мектепті тамамдап,осы жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп,осы оқу орның 1963 жылы бітірді. 1964-1965 жылдары міндетті әскер қатарында болды.Жанаарқа ауданы Бидайық кеңшарындағы Оресительная орта мектебінде физика,математика пәндерінің мұғалімі болып,одан кейін,1971-1975 жылдары осы кеншардың кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істеді. 1975-1984 жылдары Жезқазған облысы Ақадыр аудандық партия комитетінің инструкторы,бөлім меңгерушісі,ауыршаруашылығы өнімдерін сатып алу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы қызметтерін атқарды. Осы жылдар аралығында,жұмыстан қол үзбей,Қарқаралы зооветеринарлық техникумын бітірді. 1984-2003 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін осы ауданға қарасты Өспен кеңшарының кәсіподақ және ауылдық Кеңес атқару комитеттерінің төрағасы,ауыл әкімшілігінде бас маман қызметтерін атқарды.

 

1) Аманбай Қапияш /Әлкенұлы/ Орта Жүз – Арғын Қарнақ / Тоқа / Шежіре