Кәкенов Нұрша

Кәкенов Нұрша 1950 жылы Жаңаарқа ауданы Қараағаш ауылында туған. Кен инженері. Қазақстан кен – металлургия өндірісінде жауапты жұмыстар атқарды. Әкесі Кәкен революцияға дейін рудникте тұз өндіріп, өткен көштерге тұз сатқан кенші болған. Нұрша Алматы политехникалық институтының тау – кен факультетін бітіріп, маркшейдр мамандығына ие болады. Ол Қазақстан кен – металлургия өндірісінде, 18 жыл бойы Жәйрем кен кен байыту комбинатында, Повладар алюминий заводына басшы қызметтер атқарған. 1985 – 86 жылдары Лаос мемлекетінде жұмыс істеп, көптеген (Америка, Түркия, Вьетнам, Словакия) шет мемлекеттерінде болған. 1994 – 96 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі  мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Республиканың Өнеркәсіп  және сауда министірлігінде еңбек істеді. Қазір Астанадабизнес іскері. Қайрақты кен орнын меншікке алған. «Сұлу терек»  атты өлеңдер жинағын құрастырып, Шоң Телғозыұлы, Жолдыкей Нұрмағанбетұлы және өзінің өмірбаяндары мен шығармаларын басқан.

Нұршаның өлеңдері «Сарыарқа саздары» (1991ж) атты облыс ақындарының өлеңдер жинағына, «Өмір» әдеби – этнографиялық журналының «1993ж) № 2 кітабына басылған.

 

Кітаптары: 

1. Кәкенов Нұрша. Тәңіркөк. – Алматы: «Үш Қиян» баспасы, 2003. 160-бет

2. Ақжан Әл – Машани, Кәкенов Н. Космос және космология. « Баспагер» 1999, 118 бет

3. Какенов Нұрша. Баянауыл ғажайыптары. Аңыз бен ақиқат арасы – Алматы, 2005. – 164 бет