Кәріпбеков Бекайдар

Кәріпбеков Бекайдар 1926 жылы туған. 1943-1944 жылы жазықсыз сотталып СтепЛАГ-та болған. Ақталып тұтқыннан босатылған. Отан соғысына қатысушылардың соңғы легі осы Кәріпбеков Бекайдардың құрдастары 1944 жылдың 22 қарашасында Жаңаарқадан Садықов Айтуған Мәуленин Кұл, Тайтөлеуов Ынту, Ахметов Мұсатай бұлар сол жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы САВО ОРТА Азия әскери округінің, 89 полктың снайпрелер батальонында жаттығады 250 салдат, кілең қазақ жігіттері. 1945 жылы18 наурыз күні майданға аттандырды. Харьков, Молдовияның Белцы қаласы, Яассы өзенін басып 2-ай жүріп, соғыс жүріп жатқан жерге жетеді. Көп ұзамай соғыс бітіп, енді Бекайдардың соғысқа қатысқан полкын шығыстағы Жапониямен соғысуға жібереді. 1945 жылы 3 қыркүйекте Жапониямен соғыстың біткенін Красноярскіге жеткенде эшелон үстінде естиді. Қиыр шығыста әскери міндетін өтеуді жалғастырады. Бекайдар Порт Артурдан 70 шақырым жердегі Дайрен портында әскери борышын өтеп армия қатарында 5-жыл жүріп 1951 жылы елге оралады. Келісімен аудандық партия комитетінде нұсқаушы МТС-та совхозда портком хатшысы. Киров колхозында басқарма аудандық ішкістер бөлімі бастығының орынбасары болып, милиция майорының шенін алған. Жоғарғы дәрежелі білімді Бекайдар ауданның саяси әлеуметтік жағыдайна белсене араласатын оппозициялық ниетте әрекет еткен азамат. Зейнеткерлікке шыққан соң шаруа қожалығын ашқан.