КӘРІПҰЛЫ Өмір
КӘРІПҰЛЫ Өмір 1940 жылы Атасу колхозының қой фермасында туған. Асылы – Тарақты. Қыдырдан тарайтын Мендібай Наймантайдың ұрпағы. Бүгінде атамекенінде бабалары Байғозы батыр, Досабай есепші, Тұяқ шешен дамылдап жатқан қоныста шырақшы-шежіреші болып отыр. Сәкен туып өскен Жаңаарқа, ағадыр атырабының сұлу табиғатын жасынан өлеңге қосып, қаламгерлік машықты суреткерлікке ұштастырған жазушының қаламынан «Бұрқақ» (1991) және «Тайталас» (1997) романдары жарық көрді. Ө.Кәріпұлының негізгі мамандығы – ұстаздық. Алдынан сабақ алған шәкірттерінің арасында тіл өнеріне бой ұрғандары бар. Ө.Кәріпұлы кейінгі жылдары журналистика саласында еңбек етіп келеді. Аудандық «Заман» газетінде еңбек етіп жүр.
Ө.Кәріпұлы айрықша ұлтжанды азамат, туған халқының дәстүр – салты мен тілінің, дінінің жоқшысы. Тәуелсіздіктің орнығуына, елдігіміздің еңсе көтеруіне талант қарымымен де, жүрек жылуымен де қал – қадірінше үлес қосуда.
Кітаптары:
1. Өмір Кәріпұлы, Серілер мен перілер: Повестер мен әңгімелер. – Астана: Фолиант, 2004.- 384 б.
2. Кәріпұлы Ө.Тамызық: Әңгімелер - Алматы: «Құс Жолы»,2008.-352-б.
5. Өмір Кәріпұлы. Белес: Хикаяттар, әңгімелер, мысалдар. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021, - 480 б.