Кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімі
«Кітап толықтыру және өңдеу» бөлімі орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша кітап қорын толықтыру және өңдеу қызметін атқарады.
Бөлімнің ең басты міндеті мен атқаратын қызметі түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтау, аудан бойынша 20 кітапхананың кітап қорын олардың сұраныстарына қарай толықтыру, аудандық кітапханаларға әр ауылдық кітапхана санына қарай жаңа түскен әдебиеттерді бөлу, жаңадан ашылған кітапхана қорларын жасақтау. Негізгі кітап қорын толықтыру көздері кітап дүкендері, республикалық баспалар, мерзімді басылымдарға жазылу, жеке адамдардың сыйға тартқан әдебиеттері. «Тілдердің үш тұғыры», «Мәдени мұра» мәдени жобасын іске асуы мақсатында қордың ең негізгі өзегін қазақ тілінде және Қазақстан туралы әр түрлі тілдегі барлық баспа өнімдерімен толықтыруға, әмбебап – ғылыми саладағы әдебиеттерді, сирек кездесетін кітаптарды, қол жазбаларды, анықтамаларды, сөздіктерді, фотоальбомдарды, ноталарды, карталарды, электронды басылымдарды, Е– книга, СД т.б., мәліметтер базасын, шетел елінен шыққан Қазақстан және орта Азия туралы ғылыми, саяси, тарихи, мәдени т.б. әр түрлі құжаттармен оқырмандар талабына сай қамтамасыз етіледі. Кітап қорын жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі кітапхананың барлық қорын бейнелейтін бас алфавиттік каталог, оқырмандар үшін алфавиттік, жүйелік және кітапханалық “РАБИС” бағдарламасы бойынша кітап қорының электронды каталогін жүргізеді.
Кітапхана қорын қалыптастыруда интернет ресурстерінің мүмкіндіктерін қолданады. Әдебиеттерді іріктеуде (www.almatykitap.kz, www.Atamura.kz, www.daik-press.kz, www.flip.kz, www.novella.kz, www.meloman.kz) баспалардың сайттары қолданылады. Қорды электрондық кітаптармен қалыптастыру жұмысы жүргізілуде. Е-кітап оқырмандардың сұранысы бойынша жүктеліп, РАБИС-ке енгізіліп отыр.
Бөлім меңгерушісі: Нығманова Сандуғаш Теміртайқызы
Байланыс телефоны: 8 (71030) 7-90-28
E-mail: ktbzbc@mail.ru