Көбен Абжанов

(1929 – 80) – Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970). Алматы заң инстиутын бітірген (1950). 1950 – 1980 жж. ҚазМУ – де еңбек құқығы мен азаматтық процесс кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Әр жылдары ҚазКСР Министірлер Кеңес істерінің құқықтық басқару тобының бастығы, ҚазКСр Жоғарғы Кеңес төралқасының ғылыми кеңесшісі, Жоғарғы соттың мүшесі болып істеді.