Қойшыбаев Қанат
Қойшыбаев Қанат (1951 – 2009жж.) – Жаңаарқа ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін және ауылшаруашылық институтын бітірген. Тарихшы, ғалым-агроном. «Рассвет» кеңшарының партком хатшысы, аупарткомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Жаңаарқа, Ағадыр аудандық, Жезқазған облыстық халықтық бақылау комитеттерінің төрағасы, К.Маркс атындағы кеңшардың директоры қызметтерін атқарған. 1997 – 2009 жж. Жаңаарқа орман шаруашылығы кәсіпорынының директоры болып істеп, орман шаруашылығының өркендеуіне, орман «мемлекеттік қорық» дәрежесін бергізуге көп еңбек сіңірді. Баспасөз беттерінде орманда, табиғатты қорғау тақырыбына арналған публицистикалық материалдарды үзбей жариялап тұрды. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде аудан, облыстың қоғамдық өміріне белсене араласты.
Кітаптары:
1. Қанат Қойшыбаев. Қ 83 Өмір пайымдары. – Қарағанды: «Арко» . – 314 б.