ҚОНАЙ Қабанбайұлы
ҚОНАЙ Қабанбайұлы (1815-1900) Жаңаарқа ауданы Ақтау өңірінде туып өскен. Руы – Қырғыз. Екі көзден айрылған Қонай ел аралап, жарапазан, ескілікті жыр – дастандар айтуды кәсіп қылған. Тұңғышпай ақынмен айтысы сақталмаған. «Соқырлық» деген ұзақ өлеңі «Атыңнан айналайын, Жаңаарқам» жинағына басылған.