Қоңыратбаев Жағыпар
Қоңыратбаев Жағыпар 1915 жылы 4-ші ауылда туған. Соғыста Игіліков Зікриямен бірге немістердің тұтқынына түсіп, Түркістан легионында болған. Немістердің ұрып-соғуынан бір көзі ағып түскен. Елге оралған соң «немістің тұтқынында болған, отанын сатқан» деп 25 жылға сотталып, кешірім жасалған соң елге оралған. Ленин колхозында, одан соң Дружба совхозында жұмыс істеп зейнеткерлікке шығып, қайтыс болды.