Көшімбаев Сағидолла
Сағидолла Кұрманғалиұлы Көшімбаев (15.03.1949 жылы туған, 15 ҚХР Шәуешек қаласы) - әскери журналист, полковник. (2003), С.. Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1976, қазіргі ҚазҰУ) және АЗВИ-дің зоо-инженерлік фекультетін (1986, қазіргі Қаз- ҰАУ) бітірген. Көшімбаев еңбек жолын ауыл шаруашылығында түрлі жұмыстардан бастады. Облысы«Қызыл ту» газетінің корректоры. Университетті бітірген соң жолдамамен «Көкшетау правдасы» облыстық газетінде тілші (1976-78). Көшімбаев республикалық ауыл шаруашылық «Қайнар» баспасында редакциясында аға ғылыми редактор (1978-91) болды. «Атамекен» газетін ұйымдастырушы басшыларының бірі (1990- 91). ҚР ИМ ІӘ «Қалқан» газетінің бөлім бастығы, қазақ редакциясының редакторы, Бас басқарма Т және ӘҚЖ жөніндегі бөлімнің аға офицері (1992- 2006). Осы жылдар аралығында әскери тікелей міндетінің сыртында республика Мәдениет және ақпарат минстрлігіне қарасты республика кітапханаларынан Ішкі әскери бөлімдеріне әртүрлі тақырыптағы кітаптар жеткізілуін ұйымдастырды. «Армия және халық - біртұтас» ұранымен Ұлы Отан соғысы батыр, ардагерлерінің, Халық қаһармандары мен өнер жұлдыздары, түрлі ұлт диаспара өкілдерінің әскери қызметкерлермен елуден астам кездесу-шоу кештерін ұйымдастырды. ҚРІІМ бұйрығымен бекітілген (1994), құрама, полк және батальон жауынгерлерінің жылдық жарыс қорытындысында жеңімпаздарға тапсырылатын Абылай хан, Әбілхайыр хан және Ш.Уәлиханов атындағы Байрақтардың (1994), 2 дәрежелі жауынгерлік «Қайсар» кеуде белгісінің авторы (1994). «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы» 1-10 том, Ғылыми кеңесшілері «Әскери іс» бөлімінің мүшесі, энциклопедияның белсенді авторларының бірі. ҚР ҚМ Әсери-стратегиялық зерттеу орталығының тұңғыш ұлттық әскери басылымы «Сардар» әскери-ғылыми журналының және «Әскер» газетінің бас редакторы (2008, 2010). Журналистер одағы сыйлығының иегері (1982). ҚР ІІМ Құрметті ардагері (2011). Медальдармен марапатталған.
Кітаптары:
1. Көшімбаев Сағидолла. Сарыарқа. – Алматы: Қайнар, 1989. – 264 бет.