Күленов Әбілғазы
Күленов Әбілғазы (1927-1984) – Жаңаарқа ауданы Ескене ауылында туған. Қарағанды мұғалімдер институтының тарих факультетін бітірген (1948). Соғыс жылдары Талдыбұлақ, Ленин колхоздарында есепшінің көмекшісі болып істеген. Соғыстан кейін Талдыбұлақ жеті жылдық мектебінде мұғалім (1949-56), директоры (1956-62), «Дружба» кеңшарының партком хатшысы (1961-1965), аупарткомның идеология жөніндегі хатшысы (1965-71), ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау мен сапасы жөніндегі аудандық инспекциясының мемлекеттік бас инспекторы (1971-75), аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы (1975-79) қызметтерін атқарған. 1979-83 жж. аралығында «Целинный» кеңшарының директоры болған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-281 бет.
2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-493 бет.