Құлқаев Әбдрахман
Құлқаев Әбдрахман 1918 жылы 6-ші ауылда туған.1939 жылы міндетті әскерге шақырылған.1939 жылы Халқынкөл соғысында машинамен оқ-дәрі тасып жүріп екі рет жеңіл жараланған.1941 жылы Комсомольск қаласында 3 айлық танкистер даярлайтын курсты бітіріп, Украйна майданында 1-ші гвардиялық танклық армия құрамында соғысқа қатысқан. Киев қаласын жаудан екі рет алып, екі рет бергенде ішінде болған. Германияның Ланзенберг қаласына дейін барған. Соғыстан оралған соң Жаңаарқа паравоз депосында істеп, зейнеткерлікке шыққан. Аудан орталығындағы жеке меншік сиырлардың бақташысы болып жүріп, 1988 жылы қайтыс болған.