Құлқыбаев Ғабдолла
1940 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ұйымшыл (қазіргі С.Сейфуллин) ауылы – ғалым, медицина ғылымының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Қарағанды медицина институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген (1963). 1963 – 79 жылдары Қарағанды медицина институтында ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды; 1979 – 81 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология ғылыми-зерттеу институтының директоры; 1981 – 90 жылдары Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті.
1990 жылдан Еңбек гигиенасы мен кәсіби ауруларды зерттейтін ұлттық ғылым орталығының (бұрынғы Еңбек физиологиясы және гигиенасы институты) директорының ғылыми жұмысының негізгі бағыты теориялық токсикология, өндірістік гигиена және медициналық экология мәселелеріне арналған. Құлқыбаев - фосформен улану патогенезінің негізгі механизмдерін алғаш анықтады. Құрамында әр түрлі антиаксиданттық витаминдер, амин қышқылдары, май қышқылы және тағамдық талшықтары бар тағамның (тамақтың) улануға қарсы модификац. ықпал ететіндігін анықтады. Республикадағы гигиеналық-экологиялық ғылыми-зерттеулер бағытының тұжырымдамасын жасады. Құлқыбаев – Қарағанды қаласының құрметті азаматы.