«Күмбірле, домбыра»

1 шілде күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «1 шілде-Ұлттық домбыра күніне» орай «Күмбірле, домбыра» атты ән-күй кеші өткізілді. Талдыбұлақ ЖОББМ 5-сынып оқушысы, ауылымыздың жас өнерпазы Ғалым Ілияс өз өнерін көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру. Өнерге бейімдеу арқылы өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта – ықыласын арттыру. Ұлттық аспап домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.