Құтжанов Әнес
Құтжанов Әнес 1913 жылы 6-ші ауылда туған. 1934 жылы Балқашқа баратын Бертіс темір жолын, 1936 жылы Жарықтан Жезқазғанға баратын теміржолды салуға қатысқан.1937 жылы Жаңаарқа паровоз депосында паровоздың от жағушысы болып, содан паровоз машинистігіне дейін көтеріледі. 1942 жылы аяғында әскерге алынып, 1-Беларус майданына соғысып жараланды. Содан елге 1945қыркүйекте оралған.Келісімен паравоз машинисі болып,1964 жылы апрельде паровоз пайдаланудан шығып, оның орнын тепловоз басқан соң, Ақтау совхозына шопан болады. Зейнеткерлікке шыққан соң да еңбек етіп, Ақтау аймағындағы 5000 гектар орманның қорықшысы болған.