Қылышбекұлы Құсайын
Құсайын Қылышбекұлы Руы Қалыбек Баймырза. (1907-2000) Шаққан Ахмет қажыдан оқыған ескіше сауаты мол адам болған. Жаңаарқа ауданы құрылған 1929 жылы Ақмолаға партия- совет мектебіне оқуға қабылданады. Екі жыл оқып, білімге ден қоя бастаған балаң жігіт 1931 жылдың күзінде елден Ақмолаға қайыр бара алмай қалды. Өйткені ел ішінің тұрмыс –тіршілігі нашарлай бастайды. Неміс басқыншыларының Москва түбіндегі ащы жеңілістен «тұмсығы тасқа тигендей» болған кезі. Шегінісіпен Калинин қаласының түбіне табан тірегені 1942 жылдың жаз айы. Сөйтіп, Орталық майдан құрамына келіп, Калинин қаласын, одан кейінгі уақыттарда Псков, Великая Русь қалаларын азат етудегі қиян-кескі щайқастарға қатысқан Соғыс жылдарында екі рет жараланып, екі рет майданға қайта оралады. Үшінші рет Латвияның астанасы Рига маңында 1944 жылдың қазан айында ауыр жараланып, онан Иваново қаласында әскери ауруханада ұзақ мерзім емделіп, 1945 жылғы Жеңіс туы желбіреген қуанышты сәтте, тамыз айында елге оралды. Жеткіншектегі, одан қалды Бірлік, Қаражартастағы Сталин ауыл советтерінің төрағасы, «Уполминзагта» инспектор,1958 жылдан 1980 жылға дейін аудандық шикі зат дайындау которында дайындаушы болып, зейнеткерлікке шыққанға дейінгі ұзақ жылдар жұмыс істеді. Колхоз басқарған, өмірінің соңғы кездерінде сауда жүйесінде, дайындау мекемесінде еңбек еткен.