Мағзымұлы Жақсылық
Мағзымұлы Жақсылық 1944 жылы Жаңаарқа ауданында туған. Ұстаз, күйші-сазгер. «КСРО мәдениет қызметінің үздігі» (1981). «ҚР мәдениет қайраткері» (2004). Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты. Қарағанды педагогикалық институын, Тәттімбет атындағы музыкалық училищені бітірген. «Жас әуен», «Сарыарқа», «Жаңаарқа», «Арқа сазы» атты ән-би және ұлт аспаптар ансамбльдерін ұйымдастырушы. Мектепте мұғалім, аудандық музыка мектебінде оқытушы, аудандық мәдениет үйінің директоры, мәдениет бөлімінің меңгерушісі , №12 кәсіптік мектепте ұстаз-ұйымдастырушы қызметтерін атқарған. Ж.Мағзымовтың орындауындағы күйлер 1975 жылы Қазақ радиосының алтын қорына, 1985 жылы Алматы теледидарына жазылып алынған. Өз жанынан «Қуаныш», «Жұбаныщ», атты күйлер мен «Ақтау әні», «Жаңаарқа» сияқты әндер шығарған.
Кітаптары:
1. Мағзымұлы Ж. Жаңаарқа әншілері. – Астана: Фолиант,2012. – 375 – б.
2. Ж.Мағзымұлы. Жаңаарқа күйшілері. М 17 Алматы: «Үш Қиян», 2005. – 184 бет.