МАЙБАС Төрехан
Майбас Төрехан Әкімжанұлы 1954 жылы туылған. Журналист, өлке тарихын зерттеуші. Шет ауданының түлегі. Қ, Сәтпаев атындағы ҚазПТИ-дің автоматты есептегіш техникалар факультетінде оқыған. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің түлегі, оқытушы-филолог. Ақшатау комбинаты Оңтүстік-Шығыс кенішінде жер асты слесары, тіреуші болып еңбек еткен. 1980 жылдан бері баспасөз саласында еңбек етіп келеді.
Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы - Агадырская новь» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, редакторы болған. 1998 жылдан облыстық «Орталық Қазақстан» газегінің бөлім меңгерушісі және «ҚазАқпарат» баспасының директоры болып қызмет атқарды.
Көптеген этно-танымдық мақалалардың, «Кенді өлке» (1990, орыс тілінде), «Керней шежіресі» (2002, 2005) «Елқұжат», «Абадан», «Айбар», «Жауһар», «Тағылым», «Шікіл», т.б. кітаптардың авторы. Шет өңірінен шыққан Дияқажы, Сәбит Адамияұлы сынды т,б, ақындардың шығармаларын жинақтап, «Көкбөрі Жарылғап батыр», «Сеңкібай батыр», «Бодық батыр», «Жалаңтөс /Соқыр/ батыр», «Бәйсейіт би» кітаптарын құрастырып шығарған.
Хикметтің, Уитменнің, Фростың өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған. Ел, жер тарихына қатысты көптеген тарихи және танымдық мақалалардың авторы. Мақалалары шетелдерде жарияланған. Саяси көзқарасы үшін 70-ші жылдардың басында комсомол қатарынан аластатылып, қуғын көреді. Қарағанды қаласында белгілі меценат Болат Дүйсенбаевпен «Жас қазақ» ұйымын құруға талпыныс жасайды. «Азат» партиясының құрамын нығайтуға атсалысады.
Бірінші сайланған Жезқазған және Қарағанды облысының Мәслихаттарының депутаты.
ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері (2004). М.Қабанбай атындағы сыйлықтың лауреаты /2004/.
Кітаптары:
1. Майбас Т. Құрмалдық . Аханның дүкендері. Рух кітабы –Алматы : «Palitra – Press»,2021- 232бет.