Мейізбеков Мерген

Мейізбеков Мерген Мәжікенұлы (1953-2006) – Жаңаарқа ауданы Алғабас ауылында туған. Қарағанды дене тәрбиесі техникумын  бітірген (1980). Қазақ күресінен спорт шебері, самбо  күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Жаңаарқа аудандық «Жас сұңқар» спорт мектебінде жаттықтырушы (1973-76) болып істеді. 1979 жылдан Алғабас негізгі мектебінде мұғалім болып еңбек етті. Қазақ күресінен оқушылар арасында Республика чемпионы (1970), республикалық біріншіліктің жүлдегері (1974), самбо күресінен бүкілодақтық турнирдің, Мәскеу, Киев, Днепропетровск қалаларында өткен чемпионаттардың жүлдегері (1975-76).