Мәзімбеков Мұқамедия

Мәзімбеков Мұқамедия 1910 жылы 4-ші ауылда туған. Жастайынан еңбекке араласумен қоса, ел арасында өлең айтып, домбыра тартып сері атанған. Саужойда (сауатсыздықты жою) оқып хат таныған. 1930-31 жылдары Ленин артелінде мүше болады. 1932 жылғы ашаршылықта Нұраның Көкмөлдір колхозын паналаған. 1968 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1996 жылы қайтыс болған.