Мұхамедин Ғалым

Ғалым Мұхамедин Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақта 1952 жылы туған. Орта мектепті бітірген соң республикалық эстрада өнері студиясында Ж.Елебеков класын 1975 жылы бітірген.

Ғалым Мұхамедин 1985 жылы жастардың республикалық Ә.Қашаубаев атындағы байқаудың жүлдегері болды. 1975 жылдан бері Жезқазғандағы Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармонияның әншісі. Репертуарында халық композиторлары Біржанның, Жаяу Мұсаның, Ақан серінің, Ыбырайдың, Мәдидің әндері басым.

1995 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі атағын алған.

 

Кітаптары:

1. Мамырлып қоңыр қаздай баяулатқан... Мақалалар, Естеліктер. Әндер. Ноталар. – Алматы: «Орхон» баспасы, 2022. – 152 бет, + 12 бет түсті жапсырма.

2. Мұхамедин Ғалым. Ескенеден бастау алған ән-ғұмыр. Естеліктер. жезқазған: «Полиграфия Асар» «Битанова С.Д.» ЖК баспаханасы, 2022-160бет 

3.  Мұхамедин Ғалым. Ескенеден бастау алған ән-ғұмыр.Естеліктер. жезқазған: «Полиграфия Асар»  «Битанова С.Д.» ЖК баспаханасы, 2022-160бет