Мұқышев Ұзақбай

Мұқышев Ұзақбай 1939 жылы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылында туған. Белгілі журналист, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҚазМУ-ді бітірген (1968). Еңбек жолын  Жаңаарқа аудандық  мал дайындау  мекемесінде (1956-57) жұмысшы болып  бастаған. Атасу поселкелік кеңесі атқару комитетінің  әскери-есеп столының есепшісі (1958), Жаңаарқа аудандық атқару комитетінің кадрлар жөніндегі секторының  меңгерушісі (1959), жалпы бөлімнің меңгерушісі (1960-62), аудандық «Жаңаарқа» газетінің әдеби қызметкері аудандық мәдениет бөлімінің  автоклубы меңгерушісі (1964-67) жылдары аудандық «Жаңаарқа» газетінің бөлім меңгерушісі (1968-73) жылдары жауапты хатшы редактордың орынбасары облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің  меншікті тілшісі (2002-06) қызметтерін атқарған. «Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа» кітабының авторы. Очерктері «Шуақты еді жүрегі», «Бір отбасының тарихы» (орыс тілінде), «Сөз зергері» кітаптарына және республикалық  облыстық аудандық газеттердің  беттерінде жарық көрген. ҚР Президентінің Алғыс хатының, көптеген мақтау грамоталарының, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. 

 

1. Ұ. Мұқышұлы Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа – Алматы: Кенже – Пресс – Медиа, 2007. – 196 бет.