НӘКЕНОВ Сайлаухан
НӘКЕНОВ Сайлаухан Мұхаметжанұлы 1940 жылы Жаңаарқа ауданы Өркендеу колхозында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Ынталы орта мектебінде сабақ берген. 1964 жылы Жаңаарқа аудандық газетінде, одан облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде, одан облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қызмет атқарды. 1972-1997 жылдар аралығында Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» (кейін «Сарыарқа») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1979-1982 жылдар аралығында Қазақ радиосының Жезқазған облысындағы меншікті тілшісі болып істейді.
Кітаптары:
1. Нәкенов С. Бозторғайы жанымның: Өлеңдер, толғау, поэмалар. – Астана: Фолиант, 2011. – 368 б.
2. Нәкенов С. Жұмақтың жолы: Жыр кітабы. – Омбы, 2001 ж. – 168 бет.