Омаров Әбдікәрім

Омаров Әбдікәрім 1910 жылы 6-ші ауылда туған. Мұғалімдер институтын бітірген.1941 жылы Қызылтау руднигіндегі орталау мектептің директоры болып тұрғанда майданға аттанып, аға лейтенант Әбдікәрімді ауыр жаралы қалпында екі солдат елге алып келген. Сол 1945 жылдың күз айларынан бастап 1қазақ орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ берген. Кейін Ақтау совхозындағы орта мектепке ауысып зейнеткерлікке шыққан соң қайтыс болған.