Өнердің сайып қыраны
25 наурыз күні. Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев – «Сегіз қырлы, бір сырлы», табиғат ерекше дарын сыйлаған тарлан өнерпаз. Ол - әнші, актер, Қазақ ССР-нің халық артисі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, СССР Кинематографистер Одағының мүшесі, режиссер, драматург, аудармашы. алыптар тобынан қалған әлеуетті тұлға. Арқалы артист, ардақты әнші, Ардагер өнер иесі. Халық әндерінің бағын ашып, көрермен құлағының құрышын қандырған атақты баритон. Кәукен Кенжетайұлы – ұстаз, музыкалық комедия актерлерін дайындайтын кафедраның тұңғыш ұйымдастырушысы, көп жыл меңгерушісі, беделді профессоры болды.Үлкен өнер иесінің кино саласындағы еңбектері де мүлдем қомақты. Отыз шақты көркемтаспаларға түскен киноактер Кенжетаевтың рухани тұлғасы қашан да асқақ. «Боранды бекет» фильмінде Қазаңғап ролін сәтті шығарған актер Кәукен Кенжетаевқа Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлық берілді. Оның әншілік, режиссерлік, ұстаздық қасиеттері жазушылық дарынға ұласты. Кәукен Кенжеханұлы Кенжетаевтың 105 жылдығына орай «Өнердің сайып қыраны «атты бейне шолу жасалып, әлеуметтік желілерге салынды. Жеті өнерді бойына жинаған шынайы талант иесі әрбір қазақ жүрегінде сақталатыны сөзсіз.