Орынбай ауылы

  Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың  темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, итұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-  қастерлеуі тиіс.

Кейінгі жылдары Орынбай ауылдық округінің тұрғындары да түрлі бағдарламалар нәтижесінің игілігін көріп келеді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы 2014 жылы қабылданған болатын. Бағдарламасының нәтижесінде 3,5 мың ауылдық елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымы жаңғыртылады деп жоспарланған. Бағдарлама өңірлердің әлеуметтік –экономикалық дамуын ынталандыруын көздейді. 2015 жылы «өңірді дамыту» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен бөлінген 891 мың  теңгеге ауылда балалар ойын алаңы салынды. Осы жылы Қарағанды қаласының ЖШС «Евро Постовок» мердігерлерімен, аудандық бюджеттен бөлінген 891 мың теңгеге балалар ойын алаңына қажетті жабдықтар алынып,  толықтырыла түсту. 2016 жылы Орынбай ауылынан шыға беріске арақашық ұзындығы – 9м, биіктігі- 5 метр киіз үйдің шаңырағына ұқсас арка қойылды.

2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 953 мың теңгеге ауылға жазғы сахна жасалды. 2017 жылы аудандық бюджет қаржысына ауылдың саябағы темір бетон декоративтік қоршаулармекн қоршалды. 2018 жылы аудандық маңызы бар. ОРынбай ауылының кіреберіс 18 шақырым автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жасалып, көпірге темір қоршаулар және төменгі барьерлер орнатылды. 2019 жылы жергілікті шотымыздағы 2 млн 411 мың теңгеге ауылдың саябағына абаттандыру жұмыстары жасалынды.

Орынбай ауылына қарасты Бидайық -2 елді мекенінің жолындағы су өткізгішке ағымдық жөңдеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 3млн 755 мың теңге қаражат бөлінді. Биыл бюджеттен бөлінген 15 млн теңге қаражатқа Көктал жалпы білім беретін мектептің айналысы, спорт алаңы декоративті қоршаумен қоршалып, білім ордасының кіреберісі пластикалық шынадан орнатылып, жасалды.

Орынбай ауылына «Билайн» ұялы байланыс жүйесі орнатылып, іске қосылды.

Ел игілігіне арналған бағдарламалар болашақта да тың нәтижелермен ауыл тұрғындарын қуанта берері сөзсіз.