Оспанов Жомарт

Оспанов Жомарт Қызбалаұлы – 1965 ж. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҚарМУ – дің филология факультетін бітірген (1990). Еңбек жолын «Замандас» жастар газетінде бастаған. 1992 – 98 жж. Аралығында «Орталық Қазақстан» газетінде тіліші, жауапты хатшының орынбасары, «Болашақ - Баспа» редакциялық баспа бөлімінде редактор қызметін атқарған (1998-2007). 2007 жылдан «Абай - Ақиқат» газетінің бас редакторы. «Атыңнан айналдым,  Жаңаарқам» (1999, І.Ісләмовпен бірге), «Сөз асылы» (2005, Ғ.Смағұловпен бірге). «Өспен: ел мен жер тарихы» (2007, І.Ісләмовпен бірге), «Қасиетті мекен Қарағаш» (2009, І.Ісләмов, С.Балташовпен бірге кітаптарының авторы.

 

Кітаптары: 

1. Оспан  Ж. Жер ортасы: эссе, портрет, мақалалар. – Қарағанды: « Болашақ – Баспа», 2015. – 220 б.

2. Оспан Ж. Бұлақ басынан тұнады: Эссе, портрет, мақалалар/ Жомарт Оспан. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. – 272б.