Рахым Берік
Рахым Берік (Бекен) Серікбайұлы - 1958 жылы 25 желтоқсанда (бұрынғы Өркендеу, колхозы) казіргі Актау селолық округінің Айшырақ ауылына қарасты Алтын бұлақ деген жерде дүниеге келген. Ақтүбек сегізжылдық мектебін үздік бітіріп, Атасу орта мектебінде орта мектепті аяқтағаннан кейін, ҚарМУ-дің филология факультетіне түсіп, 1981 жылы бітіріп шыккан соң, өз өтінішімен туған жері «Ақтау» совхозындағы Ақтау орта мектебінде мұғалім, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болып еңбек жолын бастады. Аудандық комсомол-комитеті ұйғарымымен «Рассвет» (Қараағаш) совхозының комсомол комитетінің хатшысы, 1984 ж. аудандық №12 кәсіптік-техник.учил. комсомол комитеті хатшысы, 1985 ж. «Жана-арка», «Новая степь» газеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы жұмысына аудандық партия комитеті тарапынан жіберілді. Атасу поселкелік Советі депутаты болып сайланған. Мектепте 5-класс оқып жүрген кезеңінен «Балдырған» журналында шағын суреттемесі жарық көрген. Аудандық газет бетінде 7-9 кластарда оқып жүргенде мақалалары жарияланды. 1981 ж. өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарық көрді. Газетте жұмыс істеген уакытта республикалық газеттерде мақалалары үзбей жарияланып тұрды. Бірнеше әңгімелердің авторы, ҚарМУ-дің 3 курс оқып жүрген кезінде «Республикалық студенттердің ғылыми баяндамалары» атты Қаз. ССР ҒА ұйымдастырған конкурста 1 орын алған. 1986 жылы ҚарМУ-дің филология факультетіне шакырылып, конкурстық негізде «аға оқытушылық» жұмысқа қабылданды. 1993 жылы «Қазақтың ХѴІІІ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілісіне катысты туған тарихи жырлар» тақырыбында кандидаттық диссертациясы корғалды. 1996 ж. Филология факультетінің деканының орынбасары, «Қазақ әдебиеті», «Қазақ
фольклоры және әдебиет тарихы» кафедрасының меңгерушісі кызметтерін атқарды. 2000 ж. «Тарихи жырлардың поэтикасы» атты такырыпта докторлық профессор. 2007-2009 ж. диссертация қорғайды. 2005 жылы - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде филология факультеті деканы болып істеді. Ғылымға жас шәкірттер тәрбиелеумен елеулі үлес косты. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық және бірнеше магистрлік диссертациялық жұмыстар қорғалды.
2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. Жалпы, баспасөз бетінде 200-ден астам еңбектері жарық көрген. Соның ішінде 3 монографиялық, 3 оку құралы, 5 окулық хрестоматиялары бар. Қазір Қарағанды «Болашақ» университеті жанынан құрылған Орталық Қазақстан гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры. С.Сейфуллин энциклопедиясын шығару жауапкершілігі Б.С.Рахымға жүктеліп, мазмұнды тағылымды еңбек 2010 ж. Алматыдағы «Темірқазық» баспасынан жарық көрді.
1982 жылы отбасын құрған. Зайыбы Сәуле Жұмақасқызы Шахина 1959 жылы туған. 1981 жылы ҚарМУ-ді бітіргеннен кейін Жаңаарқа ауданы Ақтүбек орта мектебінде казак тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1984-1987 жж. Жаңаарқа ауданындағы пионерлер үйінің директоры, аудандық білім беру бөлімінің инспекторы болып қызмет істесе, 1987 жылдан бастан ҚарПИ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемелекеттік университетінің доценті болып енбек етті. 2004 жылы Қ.Яссауи атындағы халыкаралық қазақ-түрік университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазір Қарағанды Политехникалық университетінің доценті болып қызмет істейді. Берік пен Сәуленің екі баласы бар. Үлкендері Рахымов Нұрғали Берікұлы - 14.06.1983 ж. туған. 2000 жылы Караганды каласындағы №7 мектеп-гимназияны үздік бітіріп, ҚарМУ-дің заң факультетіне түскен. Университетті үздік бітіргеннен кейін ҚарМУ-дің заң факультетіне оқытушылыкка жұмыска қалдырылған. 2006-2007 ж. аспирантурада оқыды. Қазір Қарағанды қаласында мамандандырылған табиғат корғау прокуратурасында кызмет істейді. 2-сыныптағы заңгер. Рахымова Назым Берікқызы 05.11.1990 ж. туған. Қарағанды Экономикалық колледжін уздік бітіріп, қазір Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің экономика факультетінде студент.
Кітаптары:
1. Берік Серікбайұлы Рахым. Өнегелі өмірдің өшпес шырағы:Қарағанды: «Гласир» ЖШС, 2024. – 316 б.
