Сабырбаев Рақымжан

Сабырбаев Рақымжан 1918 жылы 5-ші ауылда туған. 1939 жылы әскерге алынып, Украинаның Суммы қаласында міндетін өтеген.1942 жылы ақпанында Ульяновскге танкистік оқуға жібереді. 10 кластық білімі болмаған соң шоферлік оқуға алады. Шоферлік курсты бітірген бір топ жауынгер Горький автозаводында бір-бір жүк машинасын (полуторка) мініп майданға тартады. Жұбайы Өтешева Аққайша екеуі 8 бала өсіріп тәрбиелеп Рақымжан пенсияға шығып қайтыс болған.