Садықов Баязит
Садықов Баязит 1915 жылы 4- ші ауылда туған. Соғыстан мүгедек болып оралған. Жоғары дәрежелі білімді мал дәрігері. Қарқаралы ауданында атқару комитетінің орынбасары, Қарағанды облыстық малдәрігер бөлімінің бастығының орынбасары, Қызылтау совхозының директоры болған. Мал шаруашылығын дамыту, суат мәселесін шешуде тиімді жаңалықтар ашқан, электірлі қырықтықпен қой қырыққанда қойдың аяғын бекітетін тақтай тұсау аталатын малға жайлы қондырғы ойлап тапқан. Бірнеше орден-медальдардың иегері, зейнеткер.