Сарысу

Өзен, Бұғылы тауының етегінен басталатын Жаман Сарысу және Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жақсы Сарысу өзендері Атасу кентінің тұсынан қосылып, Сарысу өзенін құрайды.Алтай тілінде сары суу «сарғыш, еріген, лайсаң, көктемгі қар суы, сары су мағыналарын» білдіреді. Сарысу атауы алғаш тасығанда лайланып ақса, жаз айларында ағысы бәсеңдеп, өзен жағысындағы өсімдіктердің көпшілігінің үлбіреген қабаттары желмен өзен бетіне түсіп, ағыстың саябырлауынан сары салындыға айналады. Өзеннің осы түсіне байланысты «Сарысу» атауы пайда болған.