Сейфуллин Мәжит

Сейфуллин Мәжит (1900-1987)- қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Жалынды ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған інісі. Орынбордағы рабфакты (жұмысшылар факультеті) бітіріп, Алматыға тұрақтаған. Арызданып, Сәкеннің ақталуына көп күш салған. Мәжит пен жұбайы Әмина Әліпқазынан Орынбек, Амангелді, Төлеген деген ер балалар, Рымжан, София атты қыз балалар туған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-405 бет.

2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-502 бет.