Серікқазы Қорабай

Серікқазы Сыбанбайұлы Қорабай

Серікқазы Сыбанбайұлы Қорабай (13.7.1957 жылында туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Белтерек ауылы) - әдебиет зерттеуші, филология ғылымның кандидаты (1992).

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді (1981). 1974 жылдан «Достық туы» газетін әдеби қызметкері. 1980-84 ж. мұғалім болған. 1984 - 85 жылдары Әдеби және өнер институтында аға лаборант, 1985 - 1991 жылдары сол жерде кіші ғылыми қызметкер, 1991 - 1993 жылдары ғылыми қызметкер, 1993 - 2005 жылдары осы институттың ғалым-хатшысы және институт директорын орынбасары. «ҚР ҰҒА Хабарлар Тіл-әдебиет сериясы» журналын жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.

Шығармалары

Әдебиет және өнер қайраткерлері туралы жазылған жүзден астам ғылыми мақалалардың авторы:

XIX ғасырдағы қазақ ақындар (1988), XX ғасырдың бас кезін қазақ әдебиеті (1994) ұжымдар монографиялар авторларының бірі: Мастерство Абая - сатирика и проблемы преемственности (1999) монографиясы жарық көрген.

«Слово об Абае» (1994), «Абай әзілдері» (1995), «Мұхтар мұрасы. Наследие Мухтара» (1998) жинақтарын, Әуезовтің 50 томдық толық жинағының 6,8 томдарын құрастыруға қатысты. Ұлы жазушының суреткерлік шеберлігі туралы «Құрбылар жақсылыққа көп талаптан» (1995), «Мұхтар Әуезов және қазақ әдебиеті дамуындағы сабақтастық» (1998) т.б. мақалалары жарық көрді

 

1. Қазақ би-шешендері:танымдық жинақ / Құраст. Серікқазы Қорабай – Алматы, «Айғаным» баспа үйі, 2016. – 204 б.