Шайдаров Серік

Шайдаров Серік Жаманқұлұлы -1965ж. туған. Инженер- құрылысшы, экономист. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1990). «Жезқазғанмелиорация», «Ертісканал - құрылысы» басқармасы жүйесінде инженер, жабдықтау бөлімінің бастығы, өндірістік техникалық комплектация басқармасының бастығы болды. Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары (1994-97), әкімі (1997-2008) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан Нұра ауданының әкімі. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-453 бет.
2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-5004 бет.