Шайхин Сатан

Шайхин Сатан 1906 жылы 2-ші ауылда туған. 1930 жылы Ақмоладағы Комвуздың ауылшаруашылық бөліміне түсіп бітіріп шыққан. Жаңаарқа аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Нұра ауданында 1939 жылдан 42 жылға дейін кадр жөніндегі партия комитетінің хатшысы болып жүргенде майданға аттанған. Ұлы Отан соғысынан аман оралғаннан кейін Жаңаарқа ауданында живсырь директоры, 1947-50 жылдары Атасу поселка кеңесінің төрағасы болған. Одан Мойынты-Шу теміржолын салысуға, қатысқан Жаңаарқалықтардың штабының бастығы болған. Жаңаарқадан бұл екпінді теміржол салу құрылысына 50 адам қатысқан еді. 1952 жылы мал шаруашылығы шоғырландырылған Ақтау малжайылымы участогінің бастығы болған. 1954 жылы К.Маркс колхозына басқарма етіп жіберген. 1956 жылы соқыршектен қайтыс болған.