Шымырлық пен шеберлік
18 наурыз - “Шымырлық пен шеберлік" күні. Ұлыстың ұлы күні “Наурыз” мерекесін тойлау тұжырымдамасына сәйкес С.Сейфуллин кітапханасының оқу залында Жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен "Шымырлық пен шеберлік" атты ұлттық - спорттық сайысы өтті. Ұлттық - спорттық ойындарының өтуіне ОКЖ директоры Ш.Т.Ускенбаева сайыскерлерімізге сәттілік серік болсын деп, өзінің ізгі тілегін білдіре отырып, Наурыз мейрамымен құттықтады. Сайысқа А.Сейдімбеков атындағы ЖОББМ 9 "А" және "Б" сынып оқушылар арасында екі командаға бөлініп, "Бәйшешек"пен"Ақсұңқар" командасы жарысқа түсті. Жарыс 5 кезеңнен құралды. "Тоғыз құмалақ", "Асық ату", "Ақсақ қарға", "Білектесу", "Арқан тартыс" сайыстары бойынша өтті. Әділ қазылар алқасы мүшелері Аманжолов Мақсат Мұратұлы мен Бүлік Аян Маратұлы екі команданың ұпайларын әділ түрде шешіп, жеңіске екі командада тең түсті деп тұжырымдады. Жеңімпаздарымызды дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табысталды. Оқушыларымызға алдағы уақытта биіктерден көріне беруіне тілектестік білдірдік. ҚР мәдениет қайраткері мәдениет үйінің әншісі Ж.А.Сыздықов наурыз мейрамымен құттықтап әннен шашу шашты.