Сқақов Нақып
Сқақов Нақып 1919 жылы 9-ші ауылда туған. 1939 жылы міндетті әскерге алынғаннан елге 1949 жылы келген. Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысқан. Бірнеше рет жараланған. Соғыс біткеннен кейін де әскери жүйеде қызымет атқарып жүріп 1946 жылы 40 күнге елге демалысқа келгенде, Түгіскен колхозының озат сауыншы қызы Бибісараға үйленіп, қызыметіне қайыра кетіп 1949 жылы бір жола босанып келіп колхозда, одан Жеңіс совхозында аға шопан болған. 1973 жылы зейнеткерлікке щыққан соң Жаңаарқа ауданның шопандар тойында 1953 жылы ұлы Жетпіске шопан таяғын салтанатты түрде тапсырған.