СМАЙЫЛ Алдан

СМАЙЫЛ Алдан 1946 жылы Жаңаарқа ауданы «Атасу» колхозына қарасты Айшырақта туған. Туған әкесі Рүстемов Зейнолла сол учаскеде мектеп меңгерушісі еді. Алдан орта мектепті бітіргеннен кейін екі жыл колхоздың таудағы қой фермасында қой бақты. 1965 жылы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсіп, оны 1970 жылы бітіреді. Сол жылы Республикалық теледидар және радиохабары Комитетінің радио тілшісі болып істейді.

Ол 1975 жылдан Целиноград (Ақмола) облыстық «Коммунизм нұры» газетінде әуелі әдеби қызметкер, одан бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасарына дейін көтерілді. Ақмола облысында қазақ тілі қоғамын басқарды, осы бағытта жаңа газет ашып оның редакторы болды. Ысылған жазушы-журналшы Алдан «Қазақстан-1» республикалық телеарнасына жауапты қызметке орналасады.

А.Смайыловтың шығармашылық қызметі студенттік жылдарда басталады. Оның алғашқы әңгімелері Алматы облыстық «Жетісу» және республикалық жастар газеті «Лениншіл жас» (Жас Алаш), «Жұлдыз», «Жалын» т.б. газет журналдарда жиі жарияланған.

Алданның үлкен әкесі Қамболатұлы Шорағұл ақын болған. Туған нағашысы Диханов Айткен әңгіме-очерктерін ел сүйсіне оқитын журналист болған. Тегіне тартқан Алдан шығармалары да тұшымды.

А.Смайыловтың «Жалын» баспасынан «Август таңы» (1979), «Ақжалын» (1982) повестері жеке кітап болып шыққан.

 

Кітаптары: 

1. Смайыл А.Жаһан және Адам: Публицистика - Алматы: "Құс Жолы", 2008. - 480 б.

2. А. Смайыл. Арқаның Бетпақ деген даласы бар. Повестер. Астана: Елорда, 2000. – 320 бет.

3. Смайыл А. С52 «Астана Ғасырлары». Тарих танымдық әдебиет. – Астана, «Педагогика – Пресс Баспа үйі», 2010. – 416 бет. Қазақ тілінде.

4. Смайыл  Алдан. Тұлға. Ұлт. Тағдыр / Алдан Смайыл – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. – 320 бет.

5. Смайыл, А. Шығармалары. Көп томдық. – Астана: Фолиант, 2015. Т.1. 528 б. Роман, повестер.

6. Смайыл, А. Тәңір соты /Повестер мен драмалық шығармалар/Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ 2020. – 256 бет