Смайыл Қалкен
Қалкен Смайыл 1950 жылы 4 қаңтарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылына қарасты Қаратөбе елді мекенінде ауыл мұғалімінің жанұясында дүниеге келген.
1966 жылы Ақтау орта мектебін бітірген. Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл Фараби атындағы) Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмәмдаған.
Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, аймақтық «Қазыналы өңір» газетінің Жаңаарқа, Қаражал, Жәйрем өңіріндегі меншікті тілшісі, Ғалым Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледжі директорының ғылыми – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Әдеби көркем шығармалары 1960 жылдан бастап аудандық, облыстық, Республикалық баспасөздерде жарияланып келеді.
Жүзден астам поэмалар мен отыздан астам әндердің және прозалық, публицистикалық, этнографиялық шығармалардың авторы.
2014 жылы «Арқаның аққан жұлдызы» (Алматы, Кенже – Пресс Медия баспасы), 2017 жылы «Тұғыры биік тұлға» («Азамат – Ай» баспасы, Алматы) атты кітаптары жарық көрген. Прозалық, поэзиялық, этнографиялық, ғылыми – әдістемелік еңбектері жеті кітапқа, үш поэмасы «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан « Сарыарқа саңылақтары» атты кітапқа енген. Дарынды қаламгер, талантты сазгер, тарихшы – шежіреші, этнограф – өлкетанушы, ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық мүшайраларының жүлдегері.
Кітаптары: