Смайылов Нұрпазыл

Смайылов Нұрпазыл 1905 жылы 3-ші ауылда туған. Соғысқа дейін Бірлік, Ынтымақ, Жаңаталап, колхоздарына бастық болған. 1941 жылы соғысқа аттанып 1942 жылы аяғында қолынан жараланып келген. Колхозда, одан соң С.Сейфуллин атындағы совхозда еңбек етіп зейнеткерлікке шығып қайтыс болған.