Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы әдебиеттер

 

 Төлепбергенұлы Н.
         «Жемқордың жеткен жері». Әзіл-оспақ, сынсықақ, мысқыл-мысалдар, шымыр-шымыр шымшымалар, сықақ әңгімелер./Нұртан Төлепбергенұлы – Алматы – «Баспалар үйі» АҚ, 2015. – 480 б.
ISBN 978-601-7565-00-8
          Қыршаңқы сөздерімен қыңыр-қисық жандарды тезге салатын, реті келген жерінде «іреп-іреп» алатын елімізге есімі мәшһур сатирик – ақынның бұл кітабына «маңдай терін төгіп» жазған сықақ өлеңдерінің баяғыдан, өткен ғасырдың аяғынан бастап «дүниеге келген» әзіл-оспақ, сын-сықақ, шымыр-шымыр шымшымаларының біразы топтастырылып отыр. Автордың сандығының түбінде сақтаулы дүниелерін келесі кітабынан оқисыздар. 

Құлиев Ж.
     Қ 74  Шындық – жалғыз, сұмдық – мың. – Алматы:
ЖШС “Қазақ стан” баспа үйі”, 2015. – 320 б.
ISBN 978-9965-10-134-2
     Публицист  Жұмабай  Құлиевтің  бір  ерекшелігі  –  туындыла-
рында  қоғамдық  өмірдің  қай  қырын  да  кеңінен  қамтиды,  өзінің 
дербес,  бірақ  тегінде  көпке  ортақ  ой-пікірін  бүкпей,  күмілжімей 
ашық айтады. Қолыңыздағы кітапта да еліміздің өмірінің барлық 
дерлік  саласы  бойынша  азаматтық  тұғыр  айқын  көрінеді.  Нақ 
сол позиция оқырманның азаматтық келбетін де қалыптастыруға 
септеседі деп білеміз.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.