Тайгөков Мырзахан
Тайгөков Мырзахан 1919 жылы туған. Отан соғысынан оралған соң, Түгіскен орта мектебінде мұғалім, Талдыбұлақ, Өркендеу жеті жылдық мектептерінде директор болған. Жұбайы Әбдрахманова Рысжан да айтулы педагог болған. Баласы Алпыс облыстық партия комитетінде қызымет атқарған. Мырзахан зейнеткерлікке шығып, қайтыс болған.