Телбаев Сары

Телбаев Сары 1900 жылы 6-ші ауылда Жалғызағаштағы Шаққан Ахмет қажының мешітінде туған. 20 ғасырдың басында туып, 72 жасқа келіп қайтыс болған Сары Телбаевтің өмір жолынан өткен ғасырдың алуан кезеңінің ақиқаты көрініс береді. Аралбай батырдың ортаншы әйелінен туған. Өмірдің Кенже деген баласынан тараған Кенже-Кекең аулы атанған. Сарының әкесі Аңғал Кенженің шөбересі екен. Орталық майданда ротаның саяси жетекшісі болып соғысқа еніп 1943 жылдың 22 қаңтарында ауыр жараланып, желтоқсан айында елге келеді, Аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. Қамсыздандыру бөлімінің бастығы. Атасу селолық кеңесінің төрағасы болып қызымет жасы жеткен соң, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шығып, 1972 жылы қайтыс болған.