Тәуелсіздік бәрінен қымбат
2021 жылдың қаңтар айының 5 жұлдызында ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына» орай үш онжылдықта жеткен жетістіктер мен өткерген қиындықтар және де егемендікке қол жеткізудегі «тар жол, тайғақ кешудегі» тарихи кезеңдер жайлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жариялаған болатын. Мақала «Бағдар мен белес», «Таным мен тағлым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты бөлімдерден тұрады.
«Бағдар мен белес» бөлімінде азаттық алған отыз жыл ішіндегі белестерді жекелей сараптап, төртінші он жылдықтағы жүктелетін міндеттер мен мақсатар жайлы айқындап, ұлттық болмасымызды, төл мәдениетімізді сақтап қалу жайлы ой қозғайды.
«Таным мен тағлым» бөлімінде егемен елде дүниеге келген, көзқарастары мен өмір салты өзгеше, санасы сергек жас ұрпақтарға қазақ елі тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегендігі жайлы, оның қадір-қасиетін танытып, тарихи сананы жаңғырту жайлы жазған. Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдармасы аясындағы жасалған еңбектер, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, ашаршылық кезеңіндегі нәубет, желтоқсан оқиғасы, Семей полигоны жайлы деректер зерделеніп, жан-жақты зерттеу керектігі, көркем және тарихи деректі туындылар жасап, шығармалар жазып жастарға және бүкіл әлемге паш ету, ұрпақтаң санасын оятып, ұлттық жадын жаңғыртуымыз керектігі жайлы айтылған.
«Қоғам мен құндылық» бөлімінде бізді іргелі ел болып қалыптастырған үш құндылықтарымыз – кең байтақ жеріміз, ананың сүтімен дарыған туған тіліміз және көптеген қиындықтарды өткерген береке-бірлігіміз жайлы, оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керектігі, өскелең ұрпаққа мұра ретінде қалдырып, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілігін бойына дарытып, ой-санасына берік орнықтыруымыз керектігі жайлы айтылған.
«Ұлағат пен ұстаным» бөлімінде келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу жайлы айтылған.