Тілеубеков Құлкен

Тілеубеков Құлкен 1901 жылы Нілді болысында туған.1926 жылы төте оқу оқып, сауатын ашқан. Орталық майдан Великие Луки, Ржев тұсында ауыр жараланып, 1944 жылы елге оралған, аяқ-қолы кем. Колхозда, С.Сейфуллин совхозында еңбек етіп зейнеткерлікке шығып, қайтыс болды. Бірінеше орден-медальдармен марапатталған. Құлкеннің үлкен ұлы Зейнікен жоғары білімді экономист еді. Жауапты қызыметтер атқарып жүріп, ерте қайтыс болған.