Тілеухан Рамазан
Тілеухан Рамазан -1953 жылы Жаңаарқа ауданында туды. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факльтетін бітірді. Қызмет жолын Көкшетауда прокуратура саласында бастады. 1988 жылы Республика прокуратурасына қызметке ауысты. 1993 жылы коррупциямен күрес жүргізетін арнайы прокуроры болды. 1994-95 жылдары Алматы қаласының прокуроры. 1995-96 жылдары Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен коррупцияға қарсы күрес жүргізілетін басқармасының бастығы. 1996 жылы Мемлекеттік тіркеу комитеті төрағасының орынбасары, 1997 жылы Қарағанды облысы мемлекеттік тергеу комитеті департаментінің бастығы. 1997-98 жылдар Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының кеңесшісі. Қарағанды облысы Қаржы полициясы департаментінің бастығы. Қазір қаржы академиясының ректоры. Қазақстан Президенті жарлықтарымен 1993 жылы «Прокуратура саласының құрметті қызметкері», 1995 жылы «3-ші сыныпты мемлекеттік юстиция кеңесшісі», 1996 жылы юстиция саласында генерал-майор, 1997 жылы «Мемлекеттік тергеу комитетінің құрметті қызметкері» атақтары берілді. Заң ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік ғылымдары академиясының құрметті профессоры, 20-дан астам ғылыми еңбектері бар. 2002 жылы Меккеге қажылыққа барып келді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-442 бет.
2.Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.-Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-503 бет.