Тоқа Шоңманұлы
(Лақап аты Сайдалы Сары Тоқа, 1830, қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы -1904, сонда) - халық композиторы, Тәттімбет күй тарту мектебін дамытушылардың бірі, шертие күйдің шебері. Арғын тайпасы Қуандық руы Сайдалы бөлімінен шыққан.Тоқа жасынанақ асқан домбырашылық өнерімен ел-жұртына белгілі болды. Оның идеялық мазмұны терең, ойлы, сұлу ырғақты "Сары жайлау", "Ерке қыз", "Бел шешер", "Жалғыз ішек", "Қосбасар" (3 нұсқасы), "Боз торғай", "Теріс қақ-пай", "Аққу", "Сары өзен", "Боз айғыр", "Төрт толғау", ("Естірту", "Арнау", "Ана жүрегі". "Немере жоқтауы" деген 4 бөлімнен тұрады) атты күйлері халық арасына кең тарады. Оларды толық сақтап, насихаттаған туысы әрі шәкірті Үлмағамбет пен оның баласы Асылбек (қазір Қарағанды облысы Жанаарка ауднда тұрады) болды. Осы ауданда тұратын домбырашы М.Тілеухановтың орындауында Тоқаның бірнеше күйлері пластинкаға жазылып алынды.