Төтеев Ғалым

Ғалым Төтеев – 1943 жылы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылында туған. Әуесқой күйші-сазгер. Алматыдағы ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген (1970). Еңбек жолын 1962 жылы Қарағанды машина жасау зауытында темір кесуші болып бастаған. Жаңаарқа ауданындағы «Дружба», «Қызылтау» кеңшарларында инженер-механик, №178 кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы (1970-73), Ақадыр ауданының «Қызыл Ту» кеңшарында шеберхана меңгерушісі, бас инженер, Жаңаарқа ауданының «Дружба» кеңшарында шеберхана меңгерушісі (1973-77), Жаңаарқа аудандық мамандандырылған шаруашылық  бірлестігінің бас инженері (1977-81), қауіпсіздік жөніндегі инженері әрі кәсіподақ комитетінің төрағасы (1984-90), Жаңаарқа аудандық агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы (1984-90), Жаңаарқа аудандық агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы (1990-98), ауылшаруашылығы техникасын мемлекеттік қадағалаушы (1998-99) қызметтерін атқарды. Ғ.Төтеев қоғамдық-саяси жұмыстармен белсене шұғылданушы. «Мен қазақпын», «Сегіз Сері», «Арқа шежіресі», т.б. әдеби және мәдени танымдық өнерсайыстары мен байқаулардың ұйымдастырушысы. Сазгер ретінде Махамбеттің, Абайдың, Абыздың, Сәкен Сейфуллиннің, Мағжан Жұмабаевтың, Қасым Аманжоловтың, Кәкімбек Салықовтың, Қадыр Мырзалиевтің сөздеріне шығарған 26 әні, сөздерін өзі жазған 4 әні, өзі шығарған 10 күйі бар. Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларына арналып Шымкент қаласында өткен алғашқы фестивальде бағалы сыйлықпен құрметтелген.